Қызылорда облысында спартакиада өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қармақшы ауданында өткізілген ауыл спортшыларының XXХІІІ-ші "Алтын күз -2019" облыстық спартакиасы мәресіне жетті, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

"Ауылдық спортшылардың спартакиадасына айдынды Аралдан бастап Қартаудың баурайындағы Жаңақорған ауданына дейінгі ауыл спортшылары қатысты.
Спорттың 16 түрінен футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, қол күрес, шахмат, гір спорты, асық ату, бес тас, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, көкпар, теңге алу, аударыспақ өткізілген шарада 1000-нан аса спортшы бақ сынады", - делінген таратылған ақпаратта.

"Алтын күз - 2019" спартакиадасының жабылу салтанатында жеңімпаздарды құттықтап, дипломдармен марапатталды. Шара соңында ауыл спортшыларының "Алтын күз"  облыстық спартакиадасының ауыспалы туы табысталды.

Спартакиаданың нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте Қармақшы ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Шиелі ауданы командасы қанжығасына байласа, үшінші орынды Сырдария ауданының командасы алды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы