Қызылорда облысында қымбат көлік иесі салық төлемей жүрген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құны 20 млн теңге тұратын автокөлік иесі 1 млн 325 мың теңге салығын төлемеген. Оны жеке сот орындааушысы прокуратура мен полиция қызметкерлерінің көмегімен ұстады.
Қызылорда облыстық Жеке сот орындаушылар палатасының мәліметі бойынша облыста салық берешектері мен айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерді анықтау бойынша рейдтік іс-шара қыркүйек айынан бастап ұйымдастырылып, бүгінгі күнге дейін мемлекет пайдасына 11 млн 455 мың теңгедан астам ақша қаражаты өндіріліп, 31 көлік автотұраққа қойылды.
Өкінішке қарай, қалталы азаматтар мүмкіндігі бола тұра, мүліктеріне тыйым салғанға дейін мемлекет алдындағы борыштарын өз еріктерімен төлегісі жоқ.
Айта кетейік, рейд ай соңына дейін жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Халық санағы-2021: Жауаптың бірізді болуы жүйемен бақыланады
Келесі жаңалық
Елімізде тағы екі жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы