5 Наурыз 2021 2021, 14:30
Қызылорда облысында күн электр стансасы пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жаңақорған ауданында қуаты 10 мегават болатын күн электр станциясы пайдалануға беріледі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жаңақорған ауданында қуаты 10 мегават болатын күн электр стансасы пайдалануға беріледі.
Ал 2022 жылы Арал ауданында қуаты 20 мегаватты күн электр стансасын салу жоспарлануда.
Жалпы мақсатымыз - аймағымыздағы күн сәулесі мен желді тиімді пайдалану. Бұл «жасыл экономикаға» көшуге үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде ауыл шаруашылығындағы 100-ден астам шаруа қожалық қуаттылығы 2 киловаттан асатын күн сәулесімен жұмыс істейтін кіші электр стансаларын тұрақты пайдалануда , - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.
Бүгінде Шиелі және Жалағаш ауданындағы күн электр стансаларымен өндірілген электрэнергиясы бірыңғай энергетикалық жүйеге берілуде.