Қызылорда облысында 700 бас мал қырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дала өрті салдарынан 700 бас ұсақ мал қырылды
2020 жылғы 21 қазанда сағат 18.50-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округі Түгіскен ауылында (жақын жердегі 74-ӨСБ дейінгі арақашықтық) шамамен ауданы 30 гектар шабылған күріш алқабында құрғақ сабан жанған. Өрт 21 қазанда сағат 21.48-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды, - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Өрт салдарынан алдын ала болжам бойынша жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кеткен. Сондай-ақ күйіп қалған ұсақ малдар да бар. Олардың нақты саны анықталуда. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай-175: Алматыда жас ақындар айтысы өтеді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы