Сыр елінде 58 млрд теңгені құрайтын 76 жоба іске асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова алдағы 5 жылда агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 58 млрд теңгені құрайтын 76 инвестжоба жүзеге асырылатынын жеткізді.
Алдағы 5 жылда Агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 58 млрд теңгені құрайтын 76 инвестжобаны жүзеге асыруды жоспарлаудамыз. Оның 42-сі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 2021 жылы 8,7 млрд теңгеге 21 жоба жүзеге асырылады. Жыл басынан бері 8 - егін шаруашылығында 4, бал арасын өсіруде 2, мал шаруашылығында 2 жоба жүзеге асты, - деп атап өтті ол.
Айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тұрақтандыру қоры жұмыс істейді, 35 әлеуметтік дүкен және ірі сауда орындарында әлеуметтік бұрыштар бар.
Азық-түлік тауарларын өндірушілер және сауда субъектілерімен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде 272 меморандумға қол қойылды. Өндірушілер, көтерме жеткізушілер және ірі сауда желілерімен 12 монополияға қарсы келісім жасалды. Жыл басынан бері 15 азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді, онда 500 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі нарықтық бағадан 15-20%-ға төмен немесе өндірушілер бағасына сатылды, - деп түсіндірді облыс әкімі.
Гүлшара Әбдіқалықованың сөзінше, азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін жыл соңына дейін тарифтерді көтермеу жөнінде су, жылу, электр энергиясын тасымалдаушылармен меморандумдарға қол қойылды.
Бұған дейін Әбдіқалықова Қызылорда облысындағы апатты мектептер мәселесін көтерген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорда облысында 3 апатты мектеп бар
Өзгелердің жаңалығы