Қызылорда облысы халқының 65 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылған

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Былтырғы жылдың көрсеткіші бойынша Қызылорда облысында тұрғындардың 65 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. 

Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммyналдық шарyашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламановтың айтуынша, өткен жылы Арал ауданындағы Жақсықылыш кенті мен Қазалы ауданына қарасты Ғани Мұратбаев және Шиелі ауданындағы Байсын ауылдарында газдандыру жұмыстары жүргізіліп, қазір 7,6 мың тұрғын көгілдір отын игілігін көруде.

Биыл ақпан айында 11 мың тұрғыны бар Сырдария ауданы Тереңөзек кенті табиғи газға қосылды. Сонымен қатар Жосалы мен Жалағаш кентеріне көгілдір отынды толығымен жеткізу жоспарланып отыр. Биыл жыл соңына дейін Қазалы қаласы мен Шиелi аyданындағы Бекежанов және Қодманов ауылының тұрғындары табиғu газға қол жеткiзедi, - дейді Ерлан Жоламанов.
Биыл Қызылорда қаласының iргесiндегі Ақсyат ауылдық окрyгi Ж.Махамбетов аyылы мен Наyрыз саяжайында да газдандырy жұмыстары жүргізiледi. Бұл жұмыстарға респyбликалық бюджеттен қаржы қаралып, тиiсті жұмыстарды жүргізуге 500 млн теңге бөлінді. Екі елді мекенді табиғи газға қосу жұмыстарын толық аяқтау үшін келер жылы ҚР Энергетика министрлiгіне бюджеттік өтінім жолданды.
Қазір газбен жабдықтау бойынша 8 жоба сметалық құжаттама әзірленуде. Атап айтар болсақ, Арал ауданындағы Сексеуіл кентіне АГТС орнату және кварталішілік газ тарату желісін салу, Қармақшы ауданындағы Төретам кенті мен Ақай ауылын, Жаңақорған ауданындағы Бірлік және Төменарық ауылын, Қызылорда қаласындағы Абай ауылын газдандыру жобалары мен Шиелі кентіндегі Шоқай елді мекенінде АГТС орнату жобасы бар. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы жоғары және төмен қысымды таратушы құбыр жолдары арқылы газды тасымалдау қызметін көрсетеді және барлық санаттағы тұтынушыларға газды өткізу қызметін іске асырады, - дейді Ерлан Жоламанов.

Қызылорда облысында 68 921 жеке үй, 47 980 пәтер, 2409 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын мен 181 өнеркәсіптік кәсіпорын табиғи газға қосылған.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының теңгерімінде АГТС - 6 дана, УРГ - 1 дана, ГРП - 50 дана, ШРП - 208 дана, ұзындығы 2 336,3 шақырым жоғары, орташа және төмен қысымды газ құбырлары бар.

2015-2019 жылдар аралығында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда ӨФ ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің және Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің бекіткен бірлескен бұйрығы аясында бес елді мекендерін газдандыруды орындады және жаңа активтер құрды. Соның нәтижесінде Арал, Байқоңыр қалалары, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері газбен жабдықтау жүйесіне қосылды. Бес автоматтандырылған газ тарату станциясы, 13 газ тарату пункттері, 174 шкафты газ тарату пункттері, 2 газ шығынын есепке алу блогы, ұзындығы 63,87 шақырым газ бұрма- құбырлары, жалпы ұзындығы 1231,94 шақырым жоғары, орта және төмен қысымды таратушы газ құбырлары пайдалануға берілді, - дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы директордың ,ірінші орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Құрманбаев.
Аталған жобаны жүзеге асыру 27 мыңнан астам жеке меншік тұрғын үйді, 16 мыңнан астам пәтерді, әлеуметтік маңызы бар 931 нысанды, атап айтқанда коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды газдандыруға мүмкіндік берген.
2019 жылы инвестициялық бағдарлама аясында Қызылорда облысының Қарауылтөбе елді мекені газдандырылды. Бұл ауылдық округтегі Амангелді көшесі газдандырылып 110 үйіге көгілдір отын жеткізілді, - дейді Нұрлан Құрманбаев.
Қазір «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өңірлік филиалы өз қаражаты есебінен технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізіп келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы