Қызылорда маңында АН-2 ұшағы құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 шілде күні сағат 07:00 шамасында Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш алқаптарын өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлады.
Ұшып кеткен соң бірнеше километрден кейін техникалық ақауларға байланысты, қонуға мәжбүр болған кезде алаңға құлаған. Бортта 1954 және 1967 жылы туған екі ұшқыш болған. Олар ауруханаға жеткізілді. Алдын ала деректер бойынша жағдай қанағаттанарлық деп бағаланады.
Ұшақ "Илиса"ЖШС-не тиесілі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуро-20 чемпионатының жартылай финалына шыққандар анықталды
Өзгелердің жаңалығы