Қызылорда ҚАЖ қызметкерлері Полиция күнін салтанатты түрде атап өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда ҚАЖ қызметкерлері Полиция күнін салтанатты түрде атап өтті деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің мәжіліс залында 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара өтті. Шараға сала ардагерлері, мекеме бастықтары және жеке құрам қатысты. ІІМ-нің, ҚАЖ комитеті, ҚАЖД-нің марапаттау жайлы бұйрықтары оқылып, «әділет майоры» арнаулы атағы ЗК-169/1 мекемесі Арнайы есепке алу тобының бөлім бастығы, әділет капитаны Фариза Сембаеваға мерзімінен бұрын берілді.
«Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен ЗК-169/5 мекемесі жедел бөлімінің бастығы, әділет майоры Серік Махсутов, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, әділет капитаны Асылбек Кыясов марапатталды.
Жалпы мерекеге орай ҚАЖД бастығының құзырымен 42 қызметкер наградталса, оның 11-і грамотамен, үшеуі Алғыс хатпен марапатталды.
Бұдан бөлек, мерекелік шара барысында Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бітіруші түлектеріне диплом және басшы құрамның арнаулы атақтарын табыстау рәсімі өткізілді. Департамент бастығының міндетін атқарушы Ж. Әбдіқайыров бітіруші түлектерге жоғарғы білім жайлы дипломдарын табыстады.