Қызметтік биатлон. Қазақстан шекарашылары олжалы оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь Республикасының Гродно қаласында ТМД қатысушы мемлекеттер-ведомстволар Спартакиадасы шеңберінде қызметтік биатлоннан халықаралық чемпионат өтті.
Жарыс ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекарашылары арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.
Чемпионатқа ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекара ведомстволары мен Беларусь Республикасының күштік ведомстволарының 6 құрама командасы қатысты. Тартысты сайыста біздің шекарашылар жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды.
Әскери қызметшілер Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан оқ атумен қатар жүгіруде жарысты. Жарыс екі кезеңде өтті: 1 – ші кезең-жеке біріншілік (Макаров пистолетінен және Калашников автоматынан оқ атумен жеке жүгіру), 2 – кезең-командалық эстафетаны өткізу (1500 метрден 5 адам).
Ағымдағы жылдың шілде айында РФ-да өтетін шекаралық үштік сайыс бойынша ТМД елдерінің халықаралық чемпионатына үздік командалардың қатысуы жоспарланған.
Жарыс қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшелері грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.