Қызметін тоқтатқан «Tengri Bank» салымшылары 16,8 млрд теңге өтемақы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Tengri Bank» АҚ қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі 2021 жылдың 15 ақпанында заңды күшіне енді.
Дәл осы күні Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктің тарату комиссиясын құрды. Соған сәйкес банк істерін басқару бойынша өкілеттік қолданыстағы заңнама аясында осы комиссияға беріледі. Тарату комиссиясы он жұмыс күні барысында Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында банкті мәжбүрлеп тарату туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат жариялайды. Онда талап арыздарды қабылдау тәртібі мен мерзімі және мекенжайлар міндетті түрде көрсетіледі, - делінген ҚДКБҚ баспасөз хабарламасында.
ҚДКБҚ хабарлағандай, «Tengri Bank» АҚ-тың салымшылары – жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, кепілдік берілген шекті сомадан артық депозит қалдығын төлеу бойынша талаптары болған жағдайда, осы тарату комиссиясына жүгіне алады.
Тарату комиссиясына өтініш беру мерзімі – баспасөзде «Tengri Bank» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы хабарлама жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды. Өтініш еркін жазбаша түрде «Tengri Bank» АҚ тарату комиссиясы төрайымының атына (Огай Оксана Дмитриевна) жіберіледі.
Кредиторлардың талаптарында:
· Т.А.Ә., кредитордың ЖСН-ы;
· кредитордың пошталық деректемелері, байланыс телефондары;
· қойылған талаптарының негізі мен мөлшерін растайтын құжаттарды қоса тіркеу арқылы, негізгі борыштың мөлшері туралы мәліметтер, сыйақылар, тұрақсыздық айыптары және басқа да айыппұл санкциялары көрсетіледі.
Талап қою барысында кредитор жеке куәлігін ұсынады, ал оның мүдделерін басқа тұлғалар білдірген жағдайда – нотариус куәландырған сенімхаттың көшірмесі ұсынылады.
Кредиторлардың келіп түскен өтініштерін тарату комиссиясының қарайтын шекті мерзімі - өтініш келіп түскен күннен бастап екі аптаны құрайды.
Кредиорлардың өтініштерін қабылдайтын банк бөлімшелерінің мекенжайлары:
№ |
Бөлімше |
Орналасқан жері |
Байланыс нөмірлері |
1 |
Банктің басты кеңсесі |
Алматы қ., Абай даңғылы, 10А. |
Байланыс орталығы: +7(727) 244 93 06,
+7(727) 244 93 07, |
2 |
Банктің филиалдары |
Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 25, 216- кабинет. |
+7(7172) 558 949 |
3 |
Ақтау қ., 12- ықшамаудан, 60/1 ғимарат. |
+ 7(7292) 20 35 33 |
|
4 |
Қарағанды қ., Костенко көшесі, 6. |
+7(7212) 95 67 77 |
|
5 |
Көкшетау қ., Ғабдуллин көшесі, 40Б. |
+7(7261) 91 00 01 |
|
6 |
Павлодар қ., Астана көшесі, 119. |
+7(7182) 77 08 08 |
|
7 |
Тараз қ., Абай даңғылы, 110, 2-ші қабат. |
+7(7262) 999 770 |
|
8 |
Шымкент қ., Б. Момышұлы даңғылы, 25. |
+7(7252) 33 92 21 |
Тарату комиссиясының филиалдары жоқ қалалардағы «Tengri Bank» АҚ салымшылары Ұлттық банктің аумақтық филиалдары мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік өкілдер басқармаларына келіп, өтініштері мен тиісті құжаттарын ұсынып, тарату комиссиясына құжаттарды қалай тапсыру керектігі туралы бастапқы кеңес ала алады.
Депозиттерінде кепілдік берілген шекті сомадан артық ақшалары бар және тарату комиссиясына өтініш берген салымшылардың (жеке тұлғалардың) талаптары банктің активтері мен мүліктерін сатудан түскен ақша есебінен төртінші кезекпен өтеледі. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мерзімдері тарату өндірісінде банктің активтері мен мүліктерінің жеткіліктілігіне және сапасына, сондай-ақ оларды сату нәтижесіне тікелей тәуелді.
«Tengri Bank» АҚ-тағы тарату үдерісінің басталуы қарызгерлердің міндеттемелерін тоқтатпайды. «Tengri Bank» АҚ-тың барлық дебиторлық берешек түрі, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға берілген қарыз бойынша тұрақсыздық айыптары мен сыйақылар есептеу тоқтатылмайды. Барлық қарыз алушы қарыз шартында көзделген, қарызды өтеу кестесіне сәйкес «Tengri Bank» АҚ тарату комиссиясы филиалдарының кассалары немесе «Tengri Bank» АҚ-тың банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы қарыздарын өтеулері тиіс, - делінген таратылған ақпаратта.
Сонымен қатар кепілдік берілген өтемді әлі күнге дейін алмаған салымшылар, агент банк ретінде таңдап алынған Еуразиялық банктің кез келген бөлімшесіне барып, өтініш бере алады. Агент банктің барлық қалалардағы филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары және жұмыс кестесі www.eubank.kz ресми сайтында қолжетімді.
2021 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша «Tengri Bank» АҚ салымшылары жалпы сомасы шамамен 16,8 млрд теңге өтем алды. Бұл Қордың міндеттемелерінің жалпы сомасының 95 пайызын құрайды. Бұл ретте кепілді өтемді алуға бар болғаны 6,3 мың адам немесе барлық салымшылар санының 17 пайызы ғана өтініш берген.
Депозиттер бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жалпы ақпараттар Қордың www.kdif.kz. сайтында қол жетімді. Салымшылар ақыл-кеңес алу үшін 1460 телефон нөмірі, сондай-ақ ҚДКБҚ сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, Қордың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі deposit.kz ресми парақшалары, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.