Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері мереке күндері жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2020 жылдың 16-17 желтоқсанында жабылады.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткізу пункттері 2020 жылдың 18 желтоқсанында жұмыс істей бастайды. МКК тасымалдаушылардан жоспарларын аталған шектеулерді ескертіп үйлестіруді сұрайды, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін комитетте экспорттаушылардың Қытай тарапымен келісімшарттық міндеттемелерін қайта қарау қажеттігі туралы айтылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы