Қытаймен арадағы кеден статистикасындағы сәйкессіздік төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Қытай арасындағы кеден статистикасындағы сәйкессіздік 45%-ға дейін төмендеді. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев айтты.

Оның айтуынша, комитет тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірді және тиімсіз тәуекел индикаторларын жаңартты. 

Жоғарыда аталған шаралардың арқасында тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі 73%-ды құрады, 53,5 мың бұзушылықтар анықталды. Кедендік тексерулердің жалпы тиімділігі 51%-ды құрайды. Ол инспекциялық жабдықпен бақылау-өткізу пункттеріндегі кедендік операцияларды бақылау үшін құрылған Ахуалдық орталық ойдағыдай жұмыс істеп тұр, - деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар комитет төрағасы рентгендік кескіндерді талдау үшін жасанды интеллект енгізу жоспарлануда екенін айтты.

Кедендік құнын бақылауды орталықтандыру және сыртқы сауда жүктерін материалдық-техникалық жабдықтау шығындарын оңтайландыру мақсатында «Электрондық декларация орталығы» құрылды. Бұл жаңашылдықтардың нәтижесі 25 миллиардтан астам теңгені құрады, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, кедендік әкімшілендіру шараларын күшейту арқылы Қытаймен кедендік статистиканың сәйкессіздігі 2017 жылы 60%-дан, 2019 жылы 48%-ға, 2020 жылы 45%-ға дейін төмендетілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы