Қытайда спорттық марафон кезінде 16 адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Қытайдың солтүстік-батысында таулы аумақта өтіп жатқан ультрамарафон барысында ауа райы күрт өзгеріп, дауыл тұрып, артынан бұршақты жауын жауған. Соның салдарынан 16 адам қаза тауып, тағы 5-еуі ауруханаға жеткізілген. 

Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, сенбі күні түскі сағат 13.00 шамасында ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнап бұршақты жаңбыр жауған. 100 км-ге жүгіру марафоны таңертең Байинь қаласы маңында бастау алған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты жарыс тоқтатылған. Құтқару жұмысына 700-ге жуық адам жұмылдырылған, олар 151 адамды қауіпсіз жерге көшіріпті. Сондай-ақ 16 адамның денесін тапқан.

Қазір марафонға қатысушылардың барлығы қауіпсіз жерге жеткізілген, оның ішінде бес адам ауруханаға түскен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы