Қытайда пойыз 9 адамды қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың солтүстік-батысында Ганьсу провинциясында пойыз теміржолшыларды қағып кетті. Оқиға салдардынан тоғыз адам қайтыс болды. 

Бұл туралы correspondent.net Синьхуа-ға сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға бүгін жергілікті уақытпен 05:25 шамасында Цзиньчан қалалық округінде болғандығы көрсетілген. Үрімжіден (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) Ханчжоуға (Чжэцзян провинциясы) келе жатқан пойыз теміржол бойында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды басып өтті.

Қайғылы оқиға жайында басқа мәліметтер жоқ. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп, себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы