Қытайда кроновирустан қайтыс болғандар саны 1700-ден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте қауіпті індеттен 105 адам қайтыс болды. Жалпы COVID-19 вирусын 70 мыңнан аса адам жұқтырған.
Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша коронавирустан барлығы 1770 адам қайтыс болды. 10844-ы емделіп шықты. Бул туралы бүгін Қытай халық республикасының денсаулық және гигиена мемлекеттік комитеті хабарлады.Комитеттің хабарлауынша, 10644 адамның жағдайы өте ауыр. Соңғы мәлімет бойынша, тағы 1,5 мың адам қауіпті індетті жұқтырған.
Тайваньда да коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды. Жұқпалы дерттен көз жұмған кісі Қытайға бармаған. 60 жастағы ер адам дерттің негізгі ошағында болмаған. Марқұм тіпті ауруға шалдыққан науқастармен де қатыспаған. Сондықтан оның вирусты қайдан және қалай жұқтырғаны жан-жақты тексеріліп жатыр.
Айта кетейік, әлемде осымен Қытайдан бөлек төртінші елде дертке шалдыққан адам көз жұмып отыр. Бұған дейін мұндай оқиға Филиппинде, Жапонияда және Францияда тіркелген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоңазытқышты жауып жүріңіз. Үйде электр үнемдеуді білесіз бе?
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы