Қытайда ажырасу көбейген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы онжылдықта Қытайда ажырасулар саны тұрақты түрде өсіп келеді, пандемия кезінде бұл тенденция едәуір өскен. Өткен жылы 8,6 миллион неке бұзылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге көп, деп хабарлайды Euronews. com.
Шанхайлық неке және отбасылық кеңесші Чжу Шэньян жақында жылына миллион юань немесе шамамен 150 мың еуро табамын деп бүкіл елге танымал болған еді.
Қытайда неке және отбасылық кеңес беру ісік ауруларын емдеу сияқты, ерлі-зайыптылар бізге ауыр проблемалар туындаған кезде ғана жүгінеді, мысалы егер күйеуі не әйелі ажырасқысы келсе, күйеуі әйелін алдап жүрсе, некесіз бала болса. Ал отбасында болатын күнделікті кикілжің үшін олар біздің көмекке жүгінбейді, - деді ол.
«Бір отбасы - бір бала» мемлекеттік саясаты гендерлік теңгерімсіздікке алып келді. Бүгінгі таңда Қытайда әйелдерге қарағанда ер адамдар 30 миллионға көп. Чжу Шэнь Юн оның міндеті отандастарын қажетсіз ажырасулардан сақтандыру екенін айтады.
Қытай билігі жағдайды түзетуге тырысып-бағуда. Атап айтқанда, ерлі-зайыптыларды ажырасу туралы құжаттарды тапсырғаннан кейін 30 күн күтуге міндеттейтін заң қабылданды. Сонымен бірге сарапшылардың пікірінше, бала туудың төмендеуіне байланысты Қытай халқының саны екі есе қысқаруы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы