Қытайда 73 қабатты зәулім ғимарат қозғалып, жұрттың зәресін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы SEG Plaza мұнарасы тағы да қозғала бастады.

20 мамырда кеңсе қызметкерлері 35, 55 және 60-қабатта тербеліс болғанын байқаған. 

Известие басылымының мәліметіне сүйенсек, электр вентиляторлармен қоса, аквариумдардағы су да шалпылдай бастаған. Ғимарат әкімшілігі жоғарғы қабаттағы қызметкерлерді дереу төмен түсуге шақырды. 

Бұл көпқабатты зәулім ғимараттың бірінші рет қозғалуы емес. 300 метрге жететін ғимарат 18 мамырда қозғала бастаған болатын.


Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша, ғимараттағы тербеліс, ғимараттың қисаюы көрсеткіштері шекті межеден аспағаны анықталды. Осыған орай ғимараттың негізгі конструкциясына қатысты ақаулар анықталмады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, SEG Plaza мұнарасы Қытайдағы ең биік зәулім ғимараттар рейтингінде 104-орында тұрақтап тұр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы