Қытайда 12,5 миллион жасөспірім КВИ-ге қарсы вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда 12 жастан 17 жасқа дейінгі 12,5 миллионға жуық адам, сондай-ақ 60 жастан асқан 150 миллионнан астам азамат коронавирусқа қарсы егілді. Бұл туралы баспасөз конференциясында ҚХР Мемлекеттік гигиена және денсаулық комитетінің өкілі Хэ Цинхуа мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл ретте билік қанша адамға тек вакцинаның бірінші компонентін алғанын, ал қаншасы вакцинация процесін аяқтағанын нақтылап айтпаған.
Әзірге Қытай билігі 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға екі вакцинаны шұғыл түрде қолдануға рұқсат берді. Маусым айында қытайлық Sinovac компаниясы жасаған CoronaVac екпесіне де рұқсат берілді. 16 шілдеде Бейжің биологиялық институты (Sinopharm фармацевтикалық компаниясының бөлігі) жасаған вакцинаны 3 жастан 17 жасқа дейінгі адамдарға шұғыл қолдануға рұқсат берді.
Қытайда басым көпшілікке вакцинация 2020 жылдың 15 желтоқсанында басталды. 30 шілдедегі мәлімет бойынша, қытайлық дәрігерлер вакцинация науқаны кезінде коронавирусқа қарсы 1,63 миллиардтан астам адамға екпе салып қойды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы