Қытай тұрғындары COVID-19-ға қарсы тегін екпе салдыра алады
Алматы, BAQ.KZ. Вакцина жалпыға ортақ қолжетімді болған кезде Қытай тұрғындары COVID-19-ға қарсы тегін екпені салдыра алады.
Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау ісі бойынша мемлекеттік комитеті басшысының орынбасары Цзэн Исинь мәлімдеді.
Елдегі осал топтарға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу кезеңі 2020 жылғы 15 желтоқсанда басталды. Ел үкіметі вакцина салдыруды ұйымдастырып, оның шығындарын өз мойнына алады, - деді Цзэн Исинь.
Сонымен қатар ол кейбір жерде вакцина салдырғаны үшін қаражат сұрау мәселесі анықталғанын және ол тез арада жөнге салынғанын жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы