Қытай Шри-Ланкаға коронавирусқа қарсы вакцина жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдан COVID-19 вирусына қарсы вакциналардың ең үлкен партиясы Шри-Ланкаға жеткізілді.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Препараттар елге екі чартерлік рейспен келді. Бұл ҚХР тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмек.
Сондай-ақ Қытай тарапы вакцинация процесін жеңілдету үшін шприцтерді Шри-Ланка Денсаулық сақтау министрлігіне үлестіріп берді.
Президент Готабай Раджапакс осыған қатысты мәлімдеме жасады.
Бұл қайырымдылық Шри-Ланкадағы көп адамның өмірін сақтап қалуға өз септігін тигізеді, ұлттық егу науқанына айтарлықтай қолдау көрсетеді және әдеттегі экономикалық, әлеуметтік өмірдің тез қалпына келуіне ықпал етеді, - дейді ол.
Бүгінгі таңда Шри-Ланкада 6 миллионнан астам адам індетке қарсы екпе салдырды, олардың көпшілігі Sinopharm вакцинасын қабылдаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы