Қытай шетелден келушілерді тексеруді күшейтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай шетелден келушілерге қатысты тексеру шараларын қайта қатаңдатып жатыр. Енді шетелдіктер бұл мемлекетке бармас бұрын өз елінде 14 күндік карантинде болуы тиіс, деп жазды Хабар24.
Екі апталық оқшауланудың соңында дерттің нышандары анықталмаса, жолаушы ПТР тест тапсырып, антинедеге тексерілуі қажет. Ал ұшақ рейсі тікелей болуы керек. Әзірге мұндай ережелер Қытайдың біздің елдегі және Индонезия, Сауд Арабиясы, Алжирдегі елшіліктерінің сайттарында жарияланған.
Айта кетейік, Қытайға сапар шегетін шетелдіктер өз елінде ғана емес, осы мемлекетке барған соң да оқшауланады. Бейжіңде ол 3 аптаға созылады. Ал төртінші аптада шетелдік өзінің денсаулығын қадағалауды жалғастыруы тиіс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нигерияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы