Қытай Қазақстаннан келетін көліктердің санын шектеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қытай шекарасындағы ағымдағы жағдайға қатысты ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Пандемия жағдайында Қытай қазақстандық тараптан қабылданатын көліктердің санын шектеді. Бұрын «Нұр Жолы» бақылау-өткізу пункті арқылы Қытай тарапына күніне 200-ден астам көлік бірлігі қатынаса, пандемия басталғаннан бері бұл сан күніне 20-30-ға дейін төмендеді.

Мәселені шешу үшін Қытай тарапының тәулігіне 80 бірлікке дейін жеткізілетін көлік көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін бірқатар шара қабылданды. Алайда биыл 10 қарашадан бастап Қытай тарапы қазақстандық тараптан қабылданатын көліктердің санын шектеді, ал экспорттық тауарлары бар көліктер қабылданбайды. Мысалы, осы жылдың 26 қарашасында Қытай тарапы «Евроотранзит» көліктік-логистикалық орталық аумағында қазақстандық көліктерге тиелген жүктері бар 7 тіркеме ғана шығарды, - делінген ҚР ҚМ МКК таратқан хабарламада.

Осыған байланысты, мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚХР уәкілетті органдарымен келіссөздерді жалғастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы