Қытай халықаралық импорт көрмесінде Қазақстанның бизнес-павильоны ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. III Қытай халықаралық импорт көрмесiнде қазақстандық бизнес-павильонның ашылу рәсімі өтті. Оған Қытайда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың өкілдері және елімізбен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі бірқатар қытайлық компаниялардың басшылары қатысты.
Іс-шара барысында Казақстан Елшісі Ғабит Қойшыбаев және «PwC China» компаниясының Басқарма мүшесі-өңірлік басшы Эми Цай алғы сөз сөйледі. Сонымен қатар, жиналғандардың назарына ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың бейне үндеуі ұсынылды.
Биыл еліміздің бизнес-павильонында тамақ өнеркәсібі саласында қызмет істейтін 35 қазақстандық компаниялардың өнімдері (кондитерлік өнімдер, мұздатылған сиыр еті, ас тұзы, бидай ұны, макарон өнімдері, өсімдік майлары, ет өнімдері, бал, сусындар, шараптар және т.б.), оның ішінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі іске қосқан «Экспорттық акселерация бағдарламасының» 27 қатысушысы, таныстырылды, - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қытай халықаралық импорттық көрмесі 2018 жылдан бері «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында өткізіліп келеді және ол бүкіл әлемнің тауар өндірушілері үшін өз өнімдерін Қытай нарығына шығаруға мүмкіндік береді. Биыл көрмеге 2600-ден астам компаниялар қатысты, олардың 500 «Fortune Global» халықаралық рейтингіне кіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ринат Зайытовтың айтыстағы ұстазы қайтыс болды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы