Қытай ғалымдары: КВИ Уханьға Үндістаннан келген болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай ғалымдары коронавирус Үндістанда пайда болған болуы мүмкін деген болжамға келді.
Айтуларынша, оның себебі 2019 жылғы жаздың өте ыстық болуы. Аптап ыстық салдарынан адамдар да, жануарлар да бір судан ішуге мәжбүр болған. Салдарынан вирус Уханьға өтіп кетуі әбден мүмкін.
Бұл туралы The Daily Mail жазды.
Үндістан мен Бангладеш коронавирустың өзгеріске ең аз ұшыраған нұсқаларын ұсынған. Осыны жіті зерттеген ғалымдар вирустың түп-тамыры осы аудандардан шыққан болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Қытайдың зерттеушілері бұл процесс шілде-тамыз айларында болған деп санайды.
Ал өз кезегінде ДДСҰ коронавирустың дереккөзі Қытай екенінде еш күмән жоқ деп есептейді. Ұйым бұған көптеген дерек дәлел болатынын алға тартты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кенияда ер адам мәйітханада жатқан жерінде есін жиған
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы