Қытай елшілігі әлеуметтік мекемелерге көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі мен қытай компаниясы Қазақстандағы әлеуметтік мекемелерге көмек көрсетті. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі мен China Construction Bank Corporation Astana Branch Филиалы бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «SOS Астана балалар ауылы» мемлекеттік емес білім беру мекемесі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы Жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және «Адал Ниет Астана» жеке қайырымдылық қорына күнделікті қажетті заттар мен эпидемияға қарсы материалдарды сыйға тартты. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының Әлеуметтік істер жөніндегі директор орынбасары Сейітова Ардақ, SOS Астана балалар ауылының директоры Арыстанова Зәуреш, «Адал Ниет Астана» жеке қайырымдылық қорының басшысы Бейсенбаева Бибисара және «Нұрлы Жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік істер жөніндегі бөлім қызметкерлері сыйға тартылған материалдарды қабылдап, Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігіне және China Construction Bank Corporation Astana Branch филиалына алғысын білдірді.

China Construction Bank Corporation Astana Branch филиалы сыйға тартқан мұхит шарымен қоршалған құрғақ бассейні балалар асыға күтетін ойын-сауық орны болмақ. Оны біз ойын-сауық бөлмемізге орналастырмақпыз. Балалар өте жақсы уақыт өткізеді деп сенемін, - деді Зәуреш Арыстанова балалар ауылындағы Жанұяны қолдау орталығының сенсор бөлмесін көрсету барысында. 

China Construction Bank Corporation Astana Branch филиалының бас директоры Ван Сунхуа балалар үйлері мен қарттар үйлерін 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні төл мерекесімен құттықтап, осы маңызды сәтте әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарт адамдарға, балалар ауылындағы балаларға және әлеуметтік орталықтардың ұжым қызметкерлеріне мықты денсаулық, қажымас қайрат тіледі.

Сыйға берілген материалдар құрамында Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі ұсынған 700-ден астам эпидемияға қарсы денсаулық жинақтары, сондай-ақ China Construction Bank Corporation Astana Branch филиалы қызметкерлері сатып алған киім-кешек, төсек орын жабдықтары, балалар ойыншықтары мен оқу құралдары бар. Олардың жалпы құны шамамен 60 000 юаньды құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы