Қытай астанасын құмды дауыл басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжің билігі қауіптің сары деңгейін жариялады және азаматтарға сыртқа шықпауға кеңес берді. Бұл туралы 15 наурыз, дүйсенбі күні таңертең ТАСС агенттігі хабарлады. 

Қытай астанасы Бейжіңді күшті құмды дауыл басып, билік қалада қауіптің сары деңгейін жариялады.

Қаланың орталық аудандарында PM 10 ұсақ қатты бөлшектердің концентрациясы текше метріне 8000 микрограммнан асты, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 50 микрограмм/текше метр деңгейінде белгіленген ең жоғары рұқсат етілген нормасынан 160 есе артық, - делінген хабарламада.
Табиғи құбылыс жолдарда кептелістердің пайда болуына әкелді. Болжамдарға сәйкес, дауыл бір күннен кейін ғана басылады.

Осыған байланысты Бейжің басшылығы қала тұрғындарын ашық аспан астындағы іс-шараларды болдырмауға және қажет болған жағдайда сыртқа шықпауға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы