Қырықбаев: Бұл – артылған орасан зор жауапкершілік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы хатшысы Арман Қырықбаев партиясының жеңісіне қатысты пікір білдірді.
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауының ресми нәтижесін жариялады. Nur Otan партиясы сайлаушылардың 71,09%-ының сеніміне ие болып, үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Бұл – артылған орасан зор жауапкершілік, - деді ол.
Оның айтуынша, енді алда Үкіметпен бірлесе отырып барлық сайлауалды уәденің орындалуын қамтамасыз етуге білек сыбана кірісу міндеті тұр.
Сайлаудың заң талаптарына сай, жоғары ұйымдастыру деңгейінде өткенін халықаралық байқаушылар растап отыр. Отандық шын байқаушылардың да пікірі осындай. Барша отандасты осы жеңіспен шын жүректен құттықтаймын, - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райы. Еліміздің бес облысында жол жабылды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы