Қыркүйек-қазан айларында шекарадан 20 мың өзбекстандық өткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин талаптарына сәйкес, Қазақстан Өзбекстан азаматтарын шекарадан өткізе алмайды. Олар өз еліне тек өзбек дипломаттарының көмегімен, арнайы автобус немесе пойызбен жете алады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Оның айтуынша, қыркүйек, қазан айларында Қазақстан арқылы 20 мыңға жуық Өзбекстан азаматы өз еліне жеткізілді. Коронавирус індеті басталғалы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарының өз елдеріне қайтуына көмек көрсетіп келеді.
Қазіргі таңда «Ресей Федерациясы мен Қазақстан шекарасында біраз өзбек азаматтары жиналды» деген ақпарат келіп түсіп жатыр. Бұл туралы бізге Өзбек тарапынан ешқандай өтініш әлі келіп түскен жоқ. Қолда бар ақапаратқа сәйкес бұл азаматтар өздерінің жеке көліктерімен Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жетпекші. Бірақ карантин талаптарына сәйкес ондай мүмкіншілік бере алмаймыз. Егер олар өз елдеріне жетемін десе, тек қана өзбек диплопаттарының көмегімен арнайы автобустармен немесе пойызбен жете алады, - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы