Қырғызстанның барлық Президенті биліктен 61 жасында кетті. Соңғысы – Сооронбай Жээнбеков

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков өз еркімен отставкаға кетті. Бір қызығы, бұл елде осымен бесінші Президент билікпен 61 жасында қош айтысып отыр.

Асқар Ақаев

Тәуелсіз Қырғызстанның тұңғыш Президенті Асқар Ақаев 1944 жылдың 10 қарашасында дүниеге келген. Ол 2004 жылы 60 жылдық мерейтойын тойлап, биліктен 2005 жылы 61 жасында кетуге мәжбүр болды. 


Құрманбек Бәкиев

Қырғызстанның екінші Президенті 1949 жылдың 1 тамызында дүниеге келген. Бәкиев биліктің тізгінін «Қызғалдақ революциясынан» кейін ұстады. 2009 жылы өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Сосын 2010 жылы 61 жасында биліктен айырылып қалды. Ол алдымен Қырғызстанның оңтүстігіне, сосын Қазақстанға қашты. Әрі қарай Беларусь еліне өтіп, саяси босқын мәртебесін алды. 


Роза Отынбаева 

Бәкиевтен соң, өтпелі кезеңде Президент болған Роза Отынбаева 1950 жылы 23 тамызда дүние есігін ашқан. 2010 жылы 60 жылдығын атап өтіп, арада бір жыл өткенде өз еркімен билікті босатып берді. 


Алмазбек Атамбаев

Ол 1956 жылдың 17 қыркүйегінде дүниеге келген. 2016 жылы 60 жылдығын атап өтті. Оның президенттік өкілеттігі 2017 жылы аяқталды. Бұл кезде оның жасы 61-де болатын. 


Сооронбай Жээнбеков 

Бүгін ресми түрде отставкаға кеткен Сооронбай Жээнбеков те 61 жаста.


Бұған дейін Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету жөнінде шешім қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы