Қырғызстандағы президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы өтетін күн белгілі болды, деп хабарлады kabar.kg сайты.
Агенттік Ортсайлауком төрағасының орынбасары Әбдіжапар Бекматов ОСК отырысында Қырғызстан Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланғаны туралы хабарлады.
Отырыс барысында ОСК басшысы Нұржан Шайлдабекова Президент орнынан түскеннен кейін мерзімінен бұрын сайлау үш ай мерзімде өтуі тиіс екенін атап өтті.
Заңға сәйкес, егер парламент Президент өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бір апта ішінде мерзімінен бұрын сайлауды тағайындаса, олар осы мерзімнен кейінгі күні ресми түрде тағайындалған болып саналады, - деді ол.
Осыған байланысты сайлауды 2021 жылғы 10 қаңтарда өткізу ұсынылды.
ОСК мүшелері бұл ұсынысты қолдады, - деді Бекматов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
#Желмая. Жәрдемақыларды көбейту керек – Ауыт Мұқибек
Өзгелердің жаңалығы