Қырғызстанда сел жүріп, алты адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Қырғызстанның оңтүстігінде сел жүріп, кемі алты адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Сел Ақсый ауданындағы Ақ-Жол ауылдық округінде жүрген. Қырғызстан ТЖМ өкілінің мәліметінше, куәгерлер сел сегіз адамды ағызып әкеткенін көрген. Әзірге құтқарушылар алты адамның мүрдесін тапқан. Тағы екі адам іздестірілуде.

Құтқару-іздеу жұмыстарына ТЖМ мен ондаған жергілікті тұрғын тартылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы