Қырғызстанда президенттік сайлау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қырғызстанда кезектен тыс президенттік сайлау мен референдум өтеді.
Ең алғаш болып, Сахалиндегі сайлау учаскесі жұмысын бастады. Яғни Бішкек уақытымен 3.00-де ашылды. Шетелде дауыс беру Вашингтонда 11 қаңтарда сағат 6:00-де аяқталады. Жалпы, Қырғызстаннан тыс елдерде 48 сайлау учаскесі ашылған.
Республика ішінде сайлау учаскелері сағат 8.00-де ашылды. Олар 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Президент сайлауы мен референдумға арналған сайлаушылардың бірыңғай тізімі бар. Онда 3 миллион 544 мың адам тіркелген.
Сайлаушылардың көп бөлігі Ош облысында тұрады. Онда барлық сайлаушылардың 20 пайызы бар. Одан кейін Джалал-Абад, Шу және Бішкек қаласы.
Еске салайық, 2020 жылғы қазандағы парламенттік сайлаудан кейін Қырғызстанда дауыс беру нәтижелерін жоюды талап еткен жаппай митингтер өтті. Президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткен болатын.
Осыған дейін Қырғызстанда президент сайлауы өтетіні туралы осыған дейін хабарлағанбыз.