Қырғызстанда әлем халықтары эпосының 5 дүниежүзілік фестивалі өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Бішкекте 27 маусым күні әлем халықтары эпосының 5-ші дүниежүзілік фестивалі басталады. Шараға ТМД, Балтық елдері мен Грузиядан 60-тан аса ғалымдар мен зерттеушілер қатысады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фестивальға қатысушылар үшін ғылыми-тәжірибелік және мәдени танымдық екі бөлімнен тұратын ауқымды бағдарлама әзірленген.«Шара барысында симпозиум өтеді, онда ғалымдар мен зерттеушілер эпикалық мұраны сақтау мен оны дамыту мәселесін талқылайды. Өз тәжірибелерімен бөлісіп, осы саладағы мәселелер жайлы айтады. Мәдени бағдарламада көшпенділердің көне киім-кешектерін тамашалай алады, сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрме- жәрмеңкесі ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, фестиваль аясында «Үздік қырғыз киізүйі», «Көшпенділер стилі», «Үздік манасшы», «Үздік дастаншы» сияқты байқаулар өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көпбалалы отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді
Өзгелердің жаңалығы