Қырғызстан шекарасындағы жағдай: Зардап шеккендердің саны 163-ке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде жарақат алғандардың саны 163 адамға жетті. Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Ализа Солтонбекова баспасөз конференциясында мәлімдеді деп хабарлайды, 24.kg.

Оның айтуынша, қаза тапқандар саны 31 адам. Денсаулық сақтау министрі қаза тапқан тағы екеуді айтқан болатын. 

Бішкектегі ауруханаларда 49 зардап шегуші бар. Үш адамның жағдайы ауыр. Дәрі-дәрмектер жеткілікті. Психиатрлар мен психологтар көмек көрсетеді. Эвакуацияланған азаматтарға уақытылы медициналық көмек те көрсетіледі, - деді Ализа Солтонбекова.

Шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде эвакуацияланған адамдардың саны 27 358 адам.

Сонымен қатар эвакуацияланған адамдарға көмек көрсету үшін психотерапевттер мен психологтар тобы жұмыс істеп жатқандығы айтылды.

Санитарлар эвакуацияланған адамдарды тәулік бойы бақылайды. Оларға медициналық көмек ақысыз көрсетіледі. Егер оларға медициналық көмек қажет болса, олар ауруханаға жатқызылады. Барлық емдеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Арқа, Ақ-Татыр, Самарқандек, Жаңа-Жер, Құлынды ауылдарында тұратын азаматтар эвакуацияланды, - деді Ализа Солтонбекова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы