Қырғызстан шекарадағы қақтығысқа байланысты 11 қылмыстық іс қозғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан ішкі істер министрлігі Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс бойынша 11 қылмыстық іс қозғады.  

Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрінің орынбасары Еркебек Аширходжаев мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Министр орынбасарының айтуынша, «Адам өлтіру», «Жаппай тәртіпсіздік», «Шекарадан заңсыз өту», «Бұзақылық» және «Халықаралық қылмыс» баптары бойынша қозғалған.

Барлығы 11 қылмыстық іс қозғалды. Осы істер бойынша қазір тергеу жүріп жатыр, - деді ол.

Еске салайық, шекарадағы қақтығыс 28 сәуірде Баткен облысы, Көк-Таш ауылындағы «Головной» су тарату пункті ауданында басталды.

Алдымен сөзбен келісе алмаған даудың арты төбелеске ұласты. Тараптар бір-біріне тас лақтыра бастаған.  Содан кейін атыс болады.  Қырғызстанда 154 жәбірленуші медициналық көмекке жүгінді, 33 адам қайтыс болды, оның ішінде бір бала бар.

29 сәуірде қақтығыстан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан бірінші рет атысты тоқтатып, әскери күштерді бұрынғы орналастырылған жерлеріне шығаруға келісті.

1 мамырда шекарадағы ахуал тұрақталғаны хабарланған. Алайда бірнеше сағаттан кейін бұл аймақтағы жағдай шиеленісе түсті: Арқа ауылында тәжік әскери қызметшілері қырғыз азаматтарының тұрғын үйлеріне оқ жаудырды. Сондықтан Қырғызстан ҰҚК ҚС шекара бөлімшелері қорғануға мәжбүр болады.

1 мамырдың кешінде Қырғызстан мен Тәжікстан толықтай атысты тоқтату және әскерлерді шығару туралы келісімге келді.

Жексенбіде екі елдің делегациялары шекара хаттамасына қол қойды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы