Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері ортақ хаттамаға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстан арадағы шекараның ортақ учаскесін белгілеу үдерісін жандандыруға келісті. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Хабар24.
Тараптардың кездесуі Баткен облысында өткен. Қырғыз делегациясын Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиев басқарған.
Ал Тәжікстан тарапынан оның әріптесі Саймумин Ятимов қатысты. Делегация басшылары жанжалды бейбіт жолмен реттеу қажеттігін айтады. Осы отырыста тараптар ортақ хаттамаға қол қойды. Алайда оның мазмұнына қатысты мәлімет жоқ.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында су тарату бекетінде қарулы қақтығыс басталған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істейді
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы