18 Шілде 2021 2021, 21:50

Қырғызстан елімізден көмір таси бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкек жылу электр орталығына 2021-2022 жылдың қысқы жылыту маусымына дайындық үшін көмір тасудың алғашқы бөлігі жеткізілді. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкек жылу электр орталығына 2021-2022 жылдың қысқы жылыту маусымына дайындық үшін көмір тасудың алғашқы бөлігі жеткізілді. 

Бішкектегі "Электр станцияларының"  мәліметіне қарағанда 25 вагон көмір Қазақстанның Қара-Жыра кенінен жеткізілген.

Жалпы келісім бойынша Бішкек ЖЭО-ға Қара-Жыра кенінен 643 мың тонна көмір жеткізілуі тиіс.

Бішкектегі "Электр станциялары" басқармасы баспасөз хатшысы Тагжана Айдаралиеваның сөзіне қарағанда, Тотағұл су қоймасындағы судың аздығына байланысты биыл Қырғызстан көмір тұтыну көлемін ұлғайтады.