Қырғызстан әлемдік қауымдастықтарға шекарадағы қақтығыс жайлы үндеу жолдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жогорку Кенештің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Тәжікстанның әскери агрессиясы туралы үндеу дайындап жатыр.
Бұл туралы депутат Абдувахап Нұрбаев «24.kg» агенттігіне хабарлады.
Оның айтуынша, парламент әлемдік қоғамдастыққа Баткен облысында болған соңғы оқиғалар туралы үндеу жасамақ.
Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураға елдің оңтүстігінде болып жатқан оқиғалар туралы әлемдік қоғамдастықтың дұрыс және объективті ақпаратымен жұмыс істеуді тапсырдық. Өздеріңіз білетіндей, кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралы, оның ішінде ресейліктер де жалған ақпарат берген. Сондықтан біз бұл оқиғаларды әлемдік қоғамдастыққа фактілерге сүйене отырып жеткізуді тапсырдық, - деді Абдувахап Нұрбаев.
Бүгін Жогорку Кенештің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті жабық отырыс өткізді. Халық қалаулылары шекарадағы жағдайды келесі кездесуде талқылауға ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, шекарадағы қақтығыс 28 сәуірде Баткен облысының Көк-Таш ауылындағы Головной су тарату пункті аймағында басталған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы