Қырғыз президенті ел үкіметін отставкаға жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров республиканың министрлер кабинетін отставкаға жіберді.

Бұл туралы РИА Новости мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің отставкасы туралы» жарлыққа қол қойды, - делінген хабарламада.
Бұл ретте министрлер кабинетінің мүшелері жаңа үкімет құрамы қалыптасқанша өз міндеттерін орындай береді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы