Қылмыстық топтың серкесі Серік Жаманаев 19 жылға сотталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «Серік-голова» лақап атымен танымал қылмыстық топтың серкесі Серік Жаманаев 19 жылға сотталды.
Сот үкімі бойынша Серік Жаманаев қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде 14 жыл отырады, қалған 5 жыл жазасын толық қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Мемлекеттік айыптаушы Серік Жаманаевты 262-баптың 2-бөлігі «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы «Адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық», 106-баптың 3-бөлігі «Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп тануды сұраған еді.
Қылмыстық топтың басқа мүшелері де жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді:
Руслан Балабеков 6 жылға сотталды;
Рустам Балабеков – 10 жылға;
Азизжан Асматуллаев - 7,5 жылға;
Абдугани Асматуллаев - 8 жылға;
Данияр Тәжібаев - 9 жылға;
Айбек Жейтенов - 6 жылға;
Илья Таранов - 8,5 жылға;
Олег Аква - 8,5 жылға;
Ахмед Алладдинов - 6 жылға;
Назима Мамедова - 8,5 жылға сотталды.