Қылмыстық топ заңсыз жолмен Ресейден көлік тасып келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған автокөліктердің экономикалық контрабандасын жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топты әшкереледі.

Ұйымдастырушылар көліктерді Ресейден Қазақстан аумағына қосалқы бөлшектер түрінде жалған кедендік құжаттар бойынша жеткізіп отырған. Анықталған қойманы тінту барысында 60 автокөлік (54 жеңіл және 6 жүк көлігі), заңға қайшы әрекеттерді растайтын құжаттар, жалған техникалық паспорттар мен РФ-ның жалған мемлекеттік нөмірлік белгілері тәркіленді.

Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала есептелген көлемі шамамен 650 млн теңгені құрайды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы