Жаңатастағы өрт: Қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бірінші орынбасары Бақыт Ратаев өңірлік коммуникациялар қызметінінің алаңында Жаңатаста болған өрт оқиғасына қатысты өткен брифингте айтты.
Бүгінгі таңда қылмыстық іс қозғалып, сот алдындағы тергеу басталды. Өрт кезінде анасы сыртта жүрген. Өрт басталғанда көршісі оған хабарласқан. Анасы 10-15 минут көлемінде келіп, есікті өзі ашқан. Қазір біз одан істің мән-жайын сұрай алмаймыз. Себебі ол балаларын жерлеуге кетті, - деді ол.
Бақыт Ратаев жерлеу рәсімі бүгін өтетінін айтты.
Қазір анасымен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Бүгін жерлеу рәсімі сағат 15-00-де өтеді, - деді Ратаев.
Айта кетейік, осыған дейін қайтыс болған нәрестелердің ата-анасы кімдер екені айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы