КВИ және пневмониямен күресте қандай шаралар атқарылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні медициналық маскалардың шекті бөлшек сауда бағасы 28%- ға, яғни 118-ден 85 теңгеге дейін төмендетілді. Ағымдағы резервте - 41 млн маска, 27 млн қолғап, 379 мың қорғаныш костюм бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тестілеу қуаты: ағымда – тәулігіне 32 мың, 1 тамызға қарай тәулігіне 35,6 мыңға дейін (ҚР АШМ зертханаларын тарту есебінен), 1 қыркүйекке қарай - тәулігіне 64 мыңға дейін (ДСМ және ЖАО зертханаларын толық жабдықтауды ескере отырып) ұлғайту жоспарлануда.

Тамыз айының соңына дейін тесттердің ПТР резервін қалыптастыру - 1,2 млн., 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды.

Дәрілік заттарды сапалы жоспарлау және сатып алу жөніндегі шаралар: 

Бірінші: Сертификаттау рәсімдерін жеңілдету: (1 айдан 3 күнге дейін) бір жолғы әкелу бір тәулік ішінде беріледі. COVID-19 емдеу үшін жаңа препараттарды тіркеу проыедурасы (6 айдан 2 айға дейін) жеделдетеді.

Екінші: Бөлшек сату бойынша дәріханаларды арнайы борттар есебінен толықтыру үшін - Ресей мен Үндістанға 4 млн орамға 6 арнайы авиарейс ұйымдастырылған. 

Үшінші: Өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорларын қалыптастыру:
- Алматы қ. - 5 млрд тг. 
- Нұр-Сұлтан қ. - 1,2 млрд тг.
- Шымкент қ. - 180 млн тг. 
- Ақтөбе обл. - 500 млн тг.
- ШҚО - 250 млн тг. және т. б.

Төртінші: COVID-19 емдеу бойынша БМСК деңгейінде қосымша дәрі-дәрмекпен, оған қоса 1 млн-ға жуық адамды қамтитын 8,6 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 5 түрімен қамтамасыз ету. 

Бесінші: COVID-19-дан стационарларда емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің айлық қоры қалыптасты. Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу рәсімдері қатар жүргізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы