КВИ мен пневмониядан қанша адам көз жұмды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 3 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 166 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 53 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 33 378, 358 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 390 жетті, - делінген таратылған ақпаратта.
Бұдан бөлек, үстіміздегі жылдың 3 қазанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат та таратылды.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 256 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 793 науқас жатыр. 1 463 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 86 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 3 адам көз жұмды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғалымдар COVID-19-бен «испанканы» салыстырды
Өзгелердің жаңалығы