КВИ мен пневмониядан қайтыс болғандар саны бір тәулікте 150-ге жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 4 тамыздағы ақпарат тарады.
ДСМ хабарлауынша, 4 тамыздағы мәлімет бойынша 107 016 адам коронавирус инфекциясынан (103 986 КВИ+ және 3 030 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:
- 29 325 пациент стационарда,
- 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 786 адамның жағдайы ауыр,
- 412 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сонымен қатар 2021 жылғы 4 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат та жарияланды.
2 тамызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 471 жағдайы және 25 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 110 адам емделіп шықты.
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауырғандар - 61772, 3781 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54961 жетті.