КВИ мен пневмониядан 84 науқас ажал құшты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ баспасөз қызметі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 25 шілдедегі ақпаратты таратты.

25 шілдедегі мәлімет бойынша 78 917 адам коронавирус инфекциясынан (76 891 КВИ+ және 2 026 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

- 23 046 пациент стационарда,

- 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 1 438 адамның жағдайы ауыр,

- 284 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 182 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Бұдан бөлек министрлік 2021 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты да ұсынды.

23 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 212 жағдайы және 10 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 90 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан барлығы 59587 ауырып, 3605 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 53956 жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы