КВИ мен пневмониядан 22 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 29 наурыздағы ақпараты жариялады.

29 наурыздағы мәлімет бойынша, 23 797 адам коронавирус инфекциясынан (21 691 КВИ+ және 2 106 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 102 пациент стационарда, 15 695 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 351 адамның жағдайы ауыр;
• 79 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы