КВИ мен пневмониядан 22 адам ажал құшты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 9 сәуірдегі ақпаратты ұсынды.

9 сәуірдегі мәлімет бойынша, 30 219 адам коронавирус инфекциясынан (29 429 КВИ+ және 790 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 376 пациент стационарда, 18 843 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 517 адамның жағдайы ауыр;
• 163 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 87 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Сонымен қатар министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де жариялады.

2021 жылғы 7 сәуірдегі мәлімет бойынша 104 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталған, 172 адам жазылып шыққан, - делінген хабарламада.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 51 159, өлім жағдайлары - 721, барлығы 49 648 адам сауығып шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы