КВИ мен пневмониядан 13 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 26 желтоқсандағы ақпаратты жариялады.
26 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 973 адам короновирус инфекциясынан (10 866 КВИ+ және 12 107 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 773 пациент стационарда, 18 200 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 251 адамның жағдайы ауыр;
• 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы