КВИ-мен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға 42,6 млрд теңге жұмсалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 11 айда КВИ-мен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға елордада 42,6 млрд теңге жұмсалды.

 

 

Коронавирус инфекциясы ковидтен кейінгі түрлі асқынулармен ауырғандар үшін қауіпті. Қор еліміздегі оңалту шараларын, оның ішінде ковидпен ауырғаннан кейінгі оңалту шараларын дамытуды барынша қолдайды, бұл қауіпті созылмалы аурулардың ерте сатыда дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.

 Елорда тұрғындары коронавирустық инфекция және пневмония кезінде медициналық көмекті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарамастан тегін алады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың 11 айында коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыру 42,6 млрд теңге болды, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров. 

Оның ішінде:

- медицина қызметкерлеріне үстемеақылар – 18,79 млрд. теңге;

- медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге – 18,76 млрд теңге, карантиндік және инфекциялық стационарларға 51,2 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды және емделді;

- КВИ таралуын болдырмау үшін стационар аясында үйге кеп көрсетілетін медициналық көмекке – 2,3 млн теңге, 73 адам емделді;

- ПТР диагностика қызметіне – 4,06 млрд теңге, 620 мың ПТР-тест жасалды;

- мобильді бригадалардың шығуына – 1,03 млрд теңге, 179,4 мың шақыртуға шықты.

Естеріңізге саламыз, коронавирустық инфекциямен немесе орташа, ауыр және аса ауыр деңгейдегі пневмониямен ауырған пациенттер Медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен оңалтудан өте алады. Азаматтар үйінде емделді ме, әлде ауруханада емделді ме, оған қарамайды. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитолог маманның қатысуымен аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша беріледі.

Оңалту қажеттілігін бағамдау барысында мынадай негізгі көрсеткіштер тексеріледі: тыныс алу органдарының қызметі (сатурация деңгейі, КТ/рентгенографиядағы өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеті.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы